12.03.2020, 15:50
Оқылды: 155

БҚО ТЖД хабарлайды!

«Қазгидромет» РМК  БҚО филиалының ағымдағы жылдың 12 наурыздағы мәліметі бойынша 13 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

shtorm

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале