9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай майдангерлер мен тыл ардагерлерін құттықтау биыл да өз жалғасын тапты.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады» акциясы аясында 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Отан үшін от кешкен майдангер батырларымызға құрмет көрсету мақсатында өңір ұстаздары соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Сұрапыл соғыс жылдарында еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін деп еңбек етті. Сол жылдары елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігі қашан да ел есінде. Аға буынның ардақты ісін кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырады деген нық сенім бар. Осы тұрғыда Жеңістің қадір-қасиеті күннен-күнге артып, мазмұны тереңдей түспек.
Еліміздің ұйытқысы әрі жас ұрпақтың ақылшысы болып отырған ардагерлердің ерлігін құрметтеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі