Бұдан бөлек ішімдік ішкен 188 азамат уақытша бейімдеу орталығына жеткізілген. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында облыс аумағында 587 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұлардың ішінде 103 факті ұсақ бұзақылық. Ал 1-қаңтар күні полиция қызметкерлері бір студенттің денесін тапқан.
-Алдын ала болжам бойынша студент өзіне өзі қол салғанға ұқсайды,- деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір бұл фаткіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталыпты.
-Мереке күндері полиция қызметкерлері жолдарда және қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, аумақтарды белсенді түрде күзетіп, қоғамдық тәртіпті бақылап отырды. Қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, кезекші тәулікте полиция қызметкерлері 31 қылмысты ашты. Жалпы облыс аумағында резонанстық қылмыстар мен оқиғалар тіркелген жоқ,- деп атап өтті БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали.
Жанат Көшкінбай