26.05.2020, 20:39
Оқылды: 184

БҚО жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына Өмірәлиев Мұрат Амангелдіұлы тағайындалды.

9434fadb-5e20-4f19-be5b-460c6b8ac53b

Өмірәлиев Мұрат Амангелдіұлы – 1981 жылы туған. Білімі жоғары. А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетін «жоғары кәсіби білімді тарих пәнінің мұғалімі», «жоғары кәсіби білімді заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, Орал қаласы әкімі аппарат басшысының орынбасары,  Батыс Қазақстан облысының әділет департаменті басшысының орынбасары, 2019 жылдың ақпан айынан бастап Батыс Қазақстан облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале