24.02.2025, 15:00
Оқылды: 420

БҚО: Жол апатынан үш адам қайтыс болды

Жол апаты бүгін, таңғы 10:30-дар шамасында Өнеге ауылы тұсында болған.

WhatsApp Image 2025-02-24 at 15.50.45

Белгілі болғанындай Казталов-Өнеге-Жәнібек тас жолында «Ford Focus» автокөлігі жолдағы ауыр жүк көлігін басып озу кезінде «Chevrolet Cobalt» автокөлігімен түйіскен. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі айтты.

WhatsApp Image 2025-02-24 at 15.50.01

-Жол апатынан төрт адам ауруханаға жеткізілді. Үш адам оқиға орнында көз жұмды. Осы оқиғаға қатысты тергеу басталды,- деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, полиция өкілдері жол жүру ережесін қатаң сақтап, жолда мұқият болуды сұрайды.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале