27.05.2022, 17:15
Оқылды: 79

БҚУ-да ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

М.Өтемісов атындағы БҚУ-да «Батыс Қазақстандағы саяси-қуғын сүргін саясаты: Тарих пен тағдыр» (ХХ ғасырдың 20-50 жж) тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

6

Оған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі БҚО өңірлік комиссиясының мүшелері, ЖОО оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар мен студенттер, өлкетанушылар, мемлекеттік архив, музейлер мен кітапханалардың қызметкерлері, тарихшы мұғалімдер, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Ғылыми мәжіліс туралы БҚУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, профессор Қажымұрат Ахмеденов қысқаша хабарлады.

7

Одан кейін өңірлік комиссия мүшелері Батыс Қазақстан облысындағы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелері туралы айтты. Олар жұмыс топтарының зерттеу әдістемесін, жуырда табылған архив құжаттары мен дерекқорларды ғылыми ортаға таныстырды. Облыстық ішкі саясат басқармасы, М.Өтемісов атындағы БҚУ және «DANA» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған конференцияда облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов тарих ақтаңдақтарын ашу жолында өңірлік комиссия құрамындағы жұмыс топтары жемісті еңбек етіп жатқанын атап өтті.

8

Дөңгелек үстелде комиссия мүшелері – «Eqemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі Қазбек Қабжан «Батыс Қазақстан өңіріндегі дін өкілдерін қудалау»,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, алаштанушы Бақтылы Боранбаева «Орал, Бөкей губернияларындағы ашаршылық зардаптары», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Хайдаров «Батыс Қазақстан облысындағы 1928-1932 жылдардағы ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары», «DANA» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ұйымдастыру жұмыс тобының жетекшісі Жантас Сафуллин «Орал губерниясындағы кәмпеске. 1928 жыл», өлкетанушы, «Атамекен» Орал қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Айболат Құрымбаев «Батыс Қазақстан облысындағы депортация: тарихы мен статистикасы», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «Қазақстан Республикасының тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, алаштанушы Альфия Байбулсинова «Батыс Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін лагерлері мен НКВД кеңселері туралы зерттеулер», БҚО тарихи-өлкетану музейінің жанындағы М.Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі Ахмедияр Батырханов «Екінші дүниежүзілік соғыстағы батысқазақстандық соғыс тұтқындары: жаңаша көзқарас» тақырыбында баяндама жасап, тың мәліметтер бөлісті.

9

Конференция соңында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаева «Капустин Яр әскери полигоны: қазақ депортациясы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

10

11

12

Нұрлан Ғаппар,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале