21.08.2023, 17:00
Оқылды: 45

Бөкей неден қорғанды ?

Кешегі кеңестік тарихнамада Бөкей хандығының Еділ-Жайық аралығына қоныстануы тарихи еңбектер мен әдеби шығармаларда түрлі тұжырымдар жазылды.

жп дала

Алайда әр қоғам тұсында, әр қырынан танылған Орда тарихы көзі қарақты оқырманды қызықтырары анық. Кешегі өткені мен өшкені, жоғалтқаны мен жанғаны ғасырлармен сабақтаса ұрпақтан-ұрпаққа жеткен Орда тарихы әр ұрпақ танымында міндетті түрде қайта зерделеніп, жаңаша зерттелетіні сөзсіз. Ол дегенің біріншіден, Орда тарихының молдығы болса, екіншіден, ұрпақтарының туған жерге, бабалар мұрасына деген зор құрметі. Ал үшіншіден, өлке тарихымды тарамдасам деген, бүгінгі ұрпағының талпынысы деп ұққан жөн. Сонда Бөкей неден қорғанды? Еділ-Жайық аралығына баруға не итермеледі? Жеке басын қорғау ма, әлде, халқына қорған болу ма? Біздіңше екіншісі. Алайда кешегі кеңестік тарихнамада, Бөкей ордасының құрылуын тарихшы А. Рязанов: «ХІХ ғасырда қазақ қоғамы рулық ортада өмір сүрді. Өйткені, рулық құрылыс сол кезде қазақ шаруашылығында көшпелі өмір салтына сай келді. Қазақтар рулық қатынастардың қатал заңын берік сақтады» десе, келесі зерттеуші тарихшы И. Вяткин: «Орданың құрылуы ішкі қайшылықтардағы әлеуметтік құлдырау мен қазақ жерінің тарылуы және қазақ қоғамына феодалдық қатынастардың енуі» деген тұжырымдарын жасайды. Алайда жоғарыдағы тұжырымдардан байқағанымыз, олардың шындыққа жақын ой айтқанымен, оның салдары патшалық отаршылдыққа келгенді тұжырым жасауды керек етпеуі неліктен? Ойланатын сұрақ. Сондықтан Бөкей хандығының құрылуы жайында қазақ тарихшылары зерделейтін нәрсе өте көп. Соның ішінде отаршылдық саясатын қайта қарау керек-ақ...

 

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале