5.11.2023, 9:20
Оқылды: 17

Бөкей ордасы ауданы: сайлаушылар легі түске қарай көбейеді

Таңғы сағат 9:00-дегі мәлімет бойынша Бөкей Ордасы ауданында 400-ден астам сайлаушы дауыс берген. Сайлаушылардың жоғары белсенділігі түске жақын күтіліп отыр.

сайлау орда спорт (8)

Аудандық ОСК мәліметінше, маңызды саяси науқанда барлық заманауи цифрлық мүмкіндік толығымен пайдаланылған.

Сайлау учаскелерінде тізім немесе дауыс беру учаскесі бар-жоғын анықтау үшін облыс тұрғындары үшін байланыс орталықтары құрылды.
Telegram ресми веб-сервисінде (t.me/sailau2023bot) чат-бот арқылы кез келген сайлаушы өзінің ЖСН арқылы сайлау учаскесінің мекенжайы, дауыс беретін байланыс телефоны туралы жан-жақты ақпаратты ала алады.

Сондай-ақ аталған қызметтерге жүгінген аудан тұрғындары әкім лауазымына үміткерлер туралы ақпаратпен және олардың сайлауалды бағдарламаларымен таныса алады.

Түгелбай Бисен,
Фотоға түсірген Замир Габдрахманов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале