"Аяқталмай қалған 120 шақырым жолдың 104 шақырымы 2023 жылы аяқтадық, ағымдағы жылы қалған 16 шақырым жолға асфальт-бетон төсеп, нысандарды толықтай аяқтау көзделуде", - деді Нариман Төреғалиев БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде.
Осы ретте Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмысы да биыл аяқталмақ. Қазіргі таңда мердігерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Өңір басшысы биыл 100 млрд теңгеден астам қаражатқа 500 шақырымнан астам жол жөнделетінін айтты. Нәтижесінде жыл соңында жергілікті автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесі 58%-ға өсетін болады. Салыстыра кетсек, былтыр бұл көрсеткіш 52%-ды құрады.