12.05.2017, 9:09
Оқылды: 28

Бөкей ордасындағы 3 ауылға ауыз су, 11 ауылға газ жетеді

Өңір басшысы Алтай Көлгінов Бөкей ордасы ауданына сапарын Сайқын ауылын сумен қамту жұмыстарымен танысудан бастады.


Сайқын ауылына су құбырын қайта тарту мәселесі бойынша мердігер «АльфаСервисСтрой» ЖШС жауапкершілігімен қолға алынған құрылыс биыл күзде аяқталмақшы. 369,425 млн. теңгені құрайтын аталмыш  жоба іске асса, 3514 адам сапалы ауыз сумен қамтылмақ.

Биыл Бөкей ордасы ауданы бойынша 542 тұрғыны бар Көктерек, 187 тұрғыны тұратын  Жамбыл мен 1260 жан қоныстанған  Бөрлі елді мекендеріне су кіргізілмекші. Су құбырының құрылысымен танысқан облыс басшысы мердігерлерге халықтың игілігі үшін берілетін құрылысты сапалы атқаруды тапсырды. Сондай-ақ ол тұрғындарға  Жиекқұм, Жамбыл, Көктерек, Бөрлі, Тереңқұдық, Кеңой, Ұялы, Саралжын, Шоңай, Сейтқали, Тайғара елді мекендеріне көгілдір отынның тартылатынын жеткізді.

Айта кетейік, Сайқын ауылында 10 тұрғын  үй салынуда.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале