Қазақ елінің тарихында екі Бөкей хан болды. Бірі Кіші жүздегі Ішкі орданың негізін қалаушы Бөкей де, екіншісі - Орта жүздегі Қарқаралының Бөкейі.
Атаулы күн қарсаңында баспасөз материалдарына және жеке ізденістеріме сүйене отырып, Бөкей хандар туралы танымдарымызды тағы бір жаңғыртуды жөн санадым.
Қос Бөкей де – орыс патшалығының қазақ елін отарлау саясаты кезінде тарих сахнасына шыққан тұлғалар. Екеуі де – бір шамада өмір сүрген, ел басқаруға жастары ұлғайған шағында келіп, билік тағында аз отырған сұлтандар.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №19 санынан оқи аласыздар.
Амангелді Шахин,
ақын,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
(Жалғасы бар)