Оралда 23 мен 26 ақпан аралығында Орал қаласында Қазақ ССР чемпионы Манарбек Ихсановты еске алуға арналған бокстан 2007-2008 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы ашық облыстық турнирі өтеді. Бұл туралы облыстық спорт басқармасы хабарлады.
Турнир бүгін сағат 14:00-де салтанатты түрде ашылады.
Жарысқа Астана мен Атырау қаласынан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстары және Бәйтерек, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Теректі, Шыңғырлау аудандарының және Орал қаласының спортшылары қатысады.
Турнирге жалпы - 140 спортшы қатысады.
Аталған турнир бокс спорт түрін одан әрі дамыту және қеңінен тарату, салауатты өмір салты қағидаларын бекіту, спортшылардың шеберлік деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.
Турнир Московская көшесі 18 мекен жайындағы Д. Елеусінов атындағы бокс залында өтеді.