25.04.2025, 12:25
Оқылды: 248

Бокстан ашық турнир өткізілді

Мамырдағы басты мерекеге орай ауданымызда алғаш рет 2012-2015 жылдар аралығында туған жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өтуде. Облыстық аламанның басты ұйымдастырушысы - аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі. Үш күнге жоспарланған бұл турнирге Орал қаласынан, Теректі, Бәйтерек, Қаратөбеден, көршілес Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарынан 12 команда қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 150 балғын боксшымыз шаршы алаңда бақ сынамақшы.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.17.23

Бокс бәсекесі әдеттегідей мемлекеттік әнұранмен басталды.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.17.23 (1)

Аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов сөз алып, байрақты бәсекенің сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. Бәсекенің бас төрешісі Асланбек Сармалаев та сөз алып, төрешілерге әділдік, қатысушыларға сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.17.27

Алғаш рет өткізіліп отырған ашық турнир ордалық Алихан Мұханбетқали мен Қайыңды командасының мүшесі Назарбек Қуанның боксымен басталды. Алиханымыз жақсы ойын үлгісін көрсетіп, қарсыласынан басым түсті.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.17.25

Бірінші мүшелге енді шыққан балғын боксшыларымыздың қоржындары жүлдесіз емес. Біз тілдескен оралдық Нұралы Есетов пен жәнібектік Мерейхан Қамиттердің бокспен айналысқанына бес жылдай бопты. Бұған дейін де талай турнирлерге қатысып, жүлде алған. Спорт шеберлігіне кандидаттар. Бірі облыс орталығында, екіншісі Жәнібекте тұратын екеуді таныстырған да, табыстырған да осы бокс деседі. Нұралы мен Мерейхан үшін бұл турнир достықтың мерекесі іспеттес.

БҚО қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале