15.07.2024, 18:00
Оқылды: 112

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуға кірісті

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға дайындықты пысықтау үшін соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

7B847D0A-48C4-411C-A319-2EA8F0157149

Сурет: Olympic.kz

Алматы облысында өтетін жиында бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдық танытуда.

Қазіргі жиында 28 боксшы болса, оның ішінде үш спортшы Олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова.

Тағы бір айта кетерлік жайт, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады.

Спарринг серіктестер:

50 келі. Гүлнар Тұрапбай

57 келі. Жайна Шекербекова

75 келі. Жасмин Қизатова

Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале