17.07.2024, 16:45
Оқылды: 133

Бокстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына дайындалып жатыр

2008-2009 жылы туған жасөспірімдерден жасөспірімдер құралған бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды  Olympic.kz. 

F2375F05-FEE7-4D46-9487-583A8D57AC9E

Сурет: Olympic.kz

13 салмақ дәрежесі бойынша еліміздің үздіктері Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

Команда мүшелері 22 шілде - 2 тамыз ааралығында Ыстықкөлде физикалық тұрғыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

12 тамыз - 26 тамыз аралығында Алматы облысында Азия біріншілігі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылмақ.

27 тамыз - 10 қыркүйек Абу-Дабиде Азия біріншілігі өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале