Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионатында тағы екі қазақстандық боксшы алтын медаль алды.
Сурет: Бокс федерациясы
Алдымен ел құрамасынан Санжарәлі Бегалиев (75 келі) өзбекстандық Джафарбек Шахбазовпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында қарсыласын айқын басымдықпен тізе бүктірді.
Ал Аружан Зейноллаева (81 келі) тағы бір өзбекстандық Рухшона Парпиевамен шаршы алаңға шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетсек, бұған дейін ел құрамасынан Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы атанған еді.