(Білім сапасына алаңдаудан туған ой)
Мектебің, яғни мектептен алған білімің қандай болса, кейін өмір бойғы беделің сондай болмақ. Білім сапасы деп қақсайтынымыз да сол.
Жасыратыны жоқ, білім саласының басынан неше бір «алағай да бұлағай» замандар өтті. Басқасын айтпай-ақ қояйын, өзім еңбек етіп жүргенде де ақылға сыймайтын неше бір жаңалықтардың түр-түрін көрдім. Соның ішіндегі ең сорақысы – биология пәнін таза ағылшын тілінде оқыту керек деген нұсқама болды. Бұйрықтың аты – бұйрық. Эксперименттің аты – эксперимент. Амал жоқ, іске кірістік. Биолог ағылшынша білмейді, англовед биологияны «қақпайды». Қалай етпек керек? Екі пәнді сабақ кестесіне парлап, «екі жарты – бір бүтін» қылып, өзімізше тапсырманы орындамақ боламыз. Балалардың көзіне қарауға бет жоқ. «Ақыл жастан» деп не үшін айтты дейсіз? Үлкендердің абсурд істері олардың көзімен қалай көрініп тұрғанын елестетудің өзі мүмкін емес. Сонымен «ит көзі түтін танымай» бір ай өтті. Жалғыз ғана қолымнан келгені – биологияға факультативті көбейтіп, оны қазақ тілінде сабақ қылып өткізуді тапсырдым пән мұғаліміне. Қызық болғанда, факультатив, үйірмелерді де қазақ тілінде өткізуге тыйым салынды ғой.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №16 санынан оқи аласыздар.
Дариға Ғазезқызы,
ардагер-ұстаз