5.09.2022, 12:17
Оқылды: 48

«Болашақ» арқылы шетелде тағылымдамадан өтуге құжат қабылдана бастады

Бүгін елімізде «Болашақ» бағдарламасымен жетекші шетелдік ЖОО-ларда, әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу орталықтары мен салалық ұйымдарда тағылымдамадан өтуге құжат қабылдау басталды. Өтінімдер биылғы 14 қазанға дейін Egov.kz порталында қабылданады. Биыл шетелдік тағылымдамаға 110 стипендия бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220712181639350e

2022 жылы қызметкерлердің 7санаты «Болашақ» бағдарламасымен біліктілігін арттыра алады: инженерлік-техникалық қызметкерлер, ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, медициналық қызметкерлер, мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері.

«Болашақ» бағдарламасы аясында басым мамандықтар тізімі тағылымдама бойынша 158 мамандықты көздейді. Биыл аталған тізімге Вig Data архитектор, жасанды интеллект, интерфейстердің дизайны сынды өзекті мамандықтар енді.

Естеріңізге сала кетейік, тағылымдамадан өтетін стипендиаттар кепілге мүлік қоймайды.

Міндеттемені орындау үшін екі гарант ұсыну жеткілікті.

Соңғы 12 айда тұрақты табысы бар, жасы 50-ге толмаған ҚР азаматы үміткерге гарант бола алады.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы керек.

Соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге тиіс.

Үміткер шетелдік ұйымнан шақыртуды өз бетінше алады және ҚАЗТЕСТ тапсырады, нәтижесі В1-ден төмен болмауы керек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале