1.04.2022, 15:15
Оқылды: 38

Болашақ әскери дәрігерлерге іріктеу жүріп жатыр – Қорғаныс министрлігі

Қазақстан әскеріне медицина мамандарын Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері әскери институтының әскери-медицина факультеті, Санкт-Петербургтегі Әскери-медицина академиясы және Ереван мемлекеттік медицина университетінің әскери-медицина факультеті дайындайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

20178db61df24390873fc9f5e0e98c5d

Қорғаныс ведомствосының мәлімдеуінше, биыл оқу орындарына 40 курсантты оқуға қабылдау жоспарланып отыр.

Сонымен бірге Санкт-Петербургтегі Әскери-медициналық академия ұлдарды да, қыздарды да оқуға қабылдайтынын атап өту керек.

Оқу барысында курсанттар толықтай мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.

Оқуды аяқтаған болашақ әскери дәрігерлерге «лейтенант» әскери атағы беріледі. Жас мамандарда Қарулы күштерде әскери қызмет өткере отырып, интернатурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік бар.

Әскери оқу орындарына түскісі келетін талапкер биылғы жылдың мамыр айынан кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына хабарласуы қажет, - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале