6.05.2025, 10:00
Оқылды: 275

Болашақ көшбасшыларға шабыт беру: Оралда өңірлік кадрлық резерв өкілдерінің жас мемлекеттік қызметшілермен мотивациялық кездесуі өтті

Орал қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өңірлік кадрлық резерв мүшелері мен мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын жаңадан бастаған жас мамандардың мотивациялық кездесуі өтті.

WhatsApp Image 2025-05-05 at 12.35.05 (1) (1)
Кездесудің басты мақсаты – жас қызметшілердің бейімделуіне қолдау көрсету, тәжірибе алмасу және мемлекеттік қызмет құндылықтарына адалдықты нығайту. Департамент басшысы Мұрат Байсалов қатысушыларға арнаған сөзінде:«Мемлекеттік қызмет – бұл біліммен қатар мінез-құлықты да талап ететін жол. Біз тәжірибе мен жастардың энергиясы қатар жұмыс істейтін жүйе қалыптастырып жатырмыз. Әрбір жас маман өзін қолдаумен бағыталатын ортада сезінуі тиіс», – деп атап өтті.
Кездесу еркін форматта өтті. Қатысушылар мансаптық өсу жолдары, тиімді коммуникация, қызметтік этика мен жауапкершілік туралы ой бөлісті.
Өңірлік резерв мүшелері өздерінің көшбасшылық жолы, жолда кездескен қиындықтар мен кәсіби ұстанымдары туралы айтты.
«Бастама көтеруден қорықпаңыздар. Жауапкершілік әрекет арқылы қалыптасады», – деді резерв мүшесі Жұлдыз Жүсіпова.
«Мемлекеттік қызметтегі жетістік – бұл тек өсу ғана емес, жұмысыңның маңыздылығына деген ішкі сенім», – деп бөлісті резервтің мүшесі Төлеген Қайырғалиев.
Жас қызметшілер тәжірибелі мамандармен бетпе-бет кездесіп, өзекті сұрақтарын қойып, құнды кеңестер алғанына ризашылықтарын білдірді. Департамент алдағы уақытта мұндай мотивациялық кездесулерді тұрақты түрде өткізіп отыруды жоспарлап отыр. Бұл – жастарды қолдаудың стратегиялық тетігі.
«Кадрлық резерв – жай ғана тізім емес. Бұл – жас буынды шабыттандыратын, бағыттайтын және нығайтатын белсенді ресурс», – деп түйіндеді Мұрат Байсалов.

Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Батыс Қазақстан облысы
бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале