29.05.2024, 17:30
Оқылды: 36

«Болашақ мамандығың туралы айт» акциясына 4000-нан астам оқушы қатысты

«Менің бауырым» волонтерлік жобасы аясында Алматы қаласында және Алматы, Жетісу облыстарында 4000-нан астам оқушыны қамтыған «Өзіңнің болашақ мамандығың туралы айт» тақырыбында кең ауқымды акция өтті.✔️

мектеп магис жп (9)

 Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, акцияның мақсаты - түрлі қызмет салалары мен мамандық таңдаудағы мүмкіндіктер туралы ақпарат бере отырып, жасөспірімдердің болашақ кәсібің айқындауына көмектесу.

«Менің бауырым» жобасы бойынша 300-ден астам ерікті іс-шараға белсенді қатысты. Аталған акция оқушыларды еңбек нарығындағы жағдаймен, еңбек қызметінің түрлерімен, сондай-ақ таңдалған мамандық бойынша өзін-өзі одан әрі дамыту мүмкіндіктерімен таныстыру үшін өткізілді», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

 Іс-шара барысында оқушылар үшін консультациялар, интерактивті тренингтер және білім беру ойындары ұйымдастырылды. Бұл шаралар қатысушыларға әртүрлі кәсіптер мен қызмет салалары туралы көбірек білуге мүмкіндік берді. 📌

 Айта кетейік, жаңа оқу жылынан бастап «Менің бауырым» жобасы жас ұрпақ өкілдерін қолдау жөніндегі өз миссиясын жалғастырып, оларға болашақ мамандығын таңдау үшін қажетті білім мен дағдыларды ұсынатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале