15.01.2025, 14:15
Оқылды: 186

«Болашақ ойындары» турнирін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Дирекция құрылды

«Болашақ ойындарын» дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің тапсырмасына сәйкес, «Қазспортинвест» акционерлік қоғамында мамандандырылған Дирекция құрылды. Дирекцияның міндеті – 2026 жылы Астанада өтетін «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирін ұйымдастыру және өткізу. Бұл туралы туримз және спорт министрлігі хабарлады.

🔷4d6e5272-cb0c-4d81-9252-9cdbfb918a90

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын іс-шара ел спортындағы маңызды оқиға болмақ.

Айта кетейік, 2024 жылғы 13 қазанда Дубайда (БАӘ) өткен ресми рәсімде Қазақстан 2026 жылы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future жарысын өткізу құқығына ие болған еді.

2026 жылғы жарысты ұйымдастыруға Қазақстаннан бөлек, Перу және Чили мемлекеттері де үміткер болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале