22.09.2025, 10:30
Оқылды: 159

Болашақ прокурор кеңістігі - игі бастама

"Заң және тәртіп" қағидасы аясында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бастамасымен Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті базасында "Болашақ прокурор кеңістігі" ашылды.

WhatsApp Image 2025-09-22 at 10.46.11

Бұл – еліміз бойынша “Құқықтану” білім бағдарламасын оқытатын жоғары оқу орындары арасында 11-ші болып ашылған бұрыштама.

WhatsApp Image 2025-09-22 at 10.46.11 (1)

Шараға Бас прокуратураның кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы Е.З.Уәли, БҚО прокурорының м.а. Д.Б.Умаргалиев, БҚО прокурорының орынбасары А.Ә.Сәтбаев, БҚО прокуратурасының аппарат басшысы Е.Рахымжанұлы, БҚО прокурорының аға көмекшісі Ж.Ө.Иманғалиева, БҚО прокуратурасының топ басшысы Д.Е.Нұрсұлтанова, Орал қаласының прокуроры М.Е. Изимов және университетіміздің құрылтайшысы, профессор А.С.Әйтімов, ректор А.Н.Баяхов, ректорат мүшелері, оқытушы-профессорлық құрамы және студенттер қатынасты.

WhatsApp Image 2025-09-22 at 10.46.10 (1)

“Болашақ прокурор кеңістігі” тақырыбы бойынша ашылған бұрыштамада Қазақстан Республикасының прокуратура қызметінің жүйесі, республикамыздың барлық облыстарының прокуратурасының құрлымы, қызметі, жетістіктері, прокуратура қызметін реттейтін құқықтық актілері, Бас прокуратураның нұсқаулықтары, прокуратура саласында қызмет атқаратын ғалымдардың монографиялары, диссертациялық жұмыстары, қадағалау актілерінің құрлымдық тәртібі бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, ғылыми әдебиеттер мен пәндік оқулықтар, республикамызда шығарылатын құқықтық журналдар және де прокурордың қызметтік формасы орналасқан.

 

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

Суреттер Бекзат Қанәділдікі 

WhatsApp Image 2025-09-22 at 10.46.10 WhatsApp Image 2025-09-22 at 10.46.11 (2)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале