4.12.2025, 16:15
Оқылды: 17

Болашақ прокурорларға бағыт-бағдар

Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Болашақ прокурор кеңестігі» атты жоба жүзеге асуда. Бұл – жоғары оқу орны мен ҚР Бас прокуратураның бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – прокурор мамандығына қызығатын білім алушыларға қажетті ақпаратпен танысуға толық мүмкіндік жасау, оларға кәсіби бағыт-бағдар беру.

_gluster_2025_9_20_f5bebdabd89de2a96285f7b68e9e1052_1280x720

Оқу ғимаратындағы арнайы  ұйымдастырылған бұрышта прокуратура тарихы, белгілі заңгерлер мен қоғам қайраткерлерінің өмір жолы мен қызметі, құқық қорғау сала-сындағы өзекті тақырыптар жөніндегі әдебиеттер, сонымен қатар қадағалау қызметіне қатысты дөңгелек үстелдер мен конференция материалдары ұсынылған.

Жоба бойынша алғашқы отырысқа ҚР Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы Ернұр Уәли, облыс прокурорының міндетін атқарушы Дәурен Омарғалиев, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов, университет ректоры Әліби Баяхов және студенттер қатысты.

Іс-шара шеңберінде студенттерге дәріс оқылды. Онда болашақ заңгерлерге прокуратура құрылымдарына қызметке орналасу талаптары мен құқық қорғау құрылымдары академиясына оқуға түсу тәртібі туралы  толық ақпарат беріліп, тақырыптық  бейнеролик  көрсетілді.

Кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы Ернұр Уәли жастарға болашақта прокуратура жүйесінде қызмет ету үшін білімді, бастамашыл, ұстанымға берік, сабырлы және дұрыс шешім қабылдай алатын тұлға болуға талпыну қажеттігін ерекше атап өтті.

«Болашақ прокурор кеңістігі» жобасы алғаш рет Батыс Қазақстан облысында, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жүзеге асып отыр. Алдағы уақытта бұл жоба өзге де жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

 

Гүлсезім Бияшева, 

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале