29.01.2026, 9:30
Оқылды: 35

Бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімді іс-қимылына Қарулы күштердің 7 мыңға жуық бөлімшесі қатысты

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің бөлімшелерінде бөлімшелерді, экипаждар мен есептоптарды үйлестіру өткізілді, - деп жазады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

_gluster_2026_1_27_821b4315c88650969f853ab054bfd5ff_1280x720
Іс-шараның негізгі мақсаты – бөлімшелер жеке құрамының келісілген іс-қимылына қол жеткізу және кіші командирлердің бағыныстыларды басқарудағы дайындық деңгейін жетілдіру.
Сабақтар тәжірибелі командирлер мен нұсқаушылардың жетекшілігімен оқу сыныптарында, полигондарда және аэродромдарда штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы іс жүзінде қолдану арқылы ұйымдастырылды. Қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөлінді.
Үйлестіру іс-қимылы барысында тактикалық, тактикалық-арнайы және арнайы дайындық тақырыптары байланыс, барлау, инженерлік және әскери-медициналық даярлық мәселелерімен кешенді түрде кезең-кезеңмен пысықталды. Іс-шаралар бекітілген қарудан ату дағдыларын, жауынгерлік және арнайы машиналарды жүргізу шеберлігін арттыруға, сондай-ақ әскери қызметшілердің дене дайындығын нығайтуға бағытталды.
Қорытынды кезеңде бөлімшелер күндізгі және түнгі уақытта штаттық қару-жарақ пен әскери техникадан жауынгерлік атыстарды орындады. Сонымен қатар, бақылау тактикалық сабақтары барысында жеке құрамның дайындық деңгейі тексерілді.
Бөлімшелерді үйлестіруден өткізу – жауынгерлік дағдыны жетілдіру мен қойылған тапсырмаларды тиімді орындауға бағытталған Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттырудың маңызды кезеңі. Дайындыққа барлығы 8 мыңға жуық бөлімше тартылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале