4.08.2022, 15:15
Оқылды: 17

Booking.com-дағы алаяқтық: 100 адамға бір үй жалға берілді

Booking.com платформасында ірі алаяқтық факті тіркелді. Агрегатор жіберіп алған жалған хабарландырудың салдарынан 100-ден астам турист бір уақытта Солтүстік Лондонның тұрғынының үйінің табалдырығына келді. Олар осы коттеджде тұруға тапсырыс беріп, төлеп қойғанын айтқан, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

1

Ал, үй иесі үйін жалға беру туралы ойламаған да, жалға бермеген де.

"Бұл 4 шілдеде басталды, содан кейін Гонконгтан келген шаршаған әйел мен оның қызы бұл үйге тапсырыс бергендерін айтып, есігімді қақты. Мен оларға менің үйім ешқашан жалға берілмегенін айттым. Мұның аяқталмайтынын білмедім. Бірнеше сағаттан кейін тағы үш-төрт адам Booking.com арқылы менің үйіме тапсырыс бергенін айтты", - деді зардап шеккен Джиллиан BBC телеарнасына.

Оның айтуынша, ұлыбританиялық туристер де, келушілер де - австралиялықтар, Сауд Арабиясының тұрғындары, америкалықтар және тағы басқалар алаяқтың жеміне түскен.

Зардап шеккен ұлыбританиялықтың айтуынша, хабарландыру 13 шілде базадан өшірілген. Сол уақытқа дейін оның үйіне 100-ге жуық адам келген.

"Көптеген салада алаяқтықпен күресу керек және бұл нағыз шайқас. Бізде бірқатар сенімді қауіпсіздік шарасы бар, бірақ өте сирек жағдайларда нақты мекенжайға қатысты мәселе туындауы мүмкін, біз оны әрдайым дереу тексеріп отырамыз", - деді агрегатор өкілдері.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале