Тұңғыш Президент күні қарсаңында берілген алаң Бортау ауданының тұрғындарына арналған.
Шалғайда жатқан шағынаудан тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Олардың айтуынша, бұрын аумақ бос болатын. Ауылдың үлкен-кішісі бұнда доп теуіп уақыт өткізген. Енді бұл жерде футбол ғана емес, волейбол, баскетбол ойнауға болады. Сонымен қатар алаң жарықтандырылған, айналасына орындықтар қойылған. Нысанның жалпы құны 14491 мың теңгені құрайды.
Жалпы алғанда биыл қала бойынша 20 көпфункционалды спорт және балалар алаңының құрылысы жүргізілуде. Аталған спорт алаңдары 12,3 мың тұрғынға спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Келесі жылы облыс орталығында тағы 22 нысанның құрылысын бастау жоспарда.
Наталья ГОРОХОВА
Суреттер Айбатыр НҰРАШТІКІ
zhaikpress.kz