12.12.2022, 18:54
Оқылды: 44

"Борышкер" жедел-профилактикалық шарасы өтуде

Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі қаулыларды орындау мақсатында 1 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік органдардың, халық пен БАҚ өкілдерін тарта отырып, "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Шара 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

FB_IMG_1670847450653

Сурет: БҚО полиция департаментінің facebook парақшасынан

"Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері БҚО-дағы жеке сот орындаушыларымен бірлесіп әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы қаулыларды орындау  үшін жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, Әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы хабарламалар бере отырып, төлемейтіндердің тұрғылықты жерлеріне барады.

Бұдан басқа, айыппұлды уақтылы төлемейтіндерге автокөліктерін мамандандырылған тұраққа орналастыру үшін шаралар қабылдануда.
1 мен 12 желтоқсан аралығында "Борышкер" шарасын өткізу барысында полиция департаментінің қызметкерлері 35 млн. 803 мың теңгеге 2 336 әкімшілік айыппұл өндірді.
Мамандандырылған тұраққа 3 млн.теңгеден астам (3 млн. 584 мың 625 теңге) айыппұл салынған, яғни 88 қасақана айыппұл төлемей келген тұрғынның көлігі айып тұрағына алынды.
Сонымен қатар 6 желтоқсаннан бастап облыс орталығында "СұңқарСмартҚорғау" жүйесі іске қосылды.

Бұл жүйе нақты уақыт режимінде полицияға қызығушылық тудыратын автокөлікті, атап айтқанда, жалған нөмірмен жүретін көліктерді бақылауға мүмкіндік береді.

Жүйе арқылы жүргізушіледің бұрын КО басқару құқығынан айырылғанын, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі, КО белгіленген тәртіппен тіркелгенбе, қойылған шектеулері бар ма, алимент бойынша берешегі бар ма, сондай-ақ өтелмеген әкімшілік айыппұлдар ма соны біле аламыз.

Сонымен аталған жүйе жұмысының алғашқы 2 сағатында 10 КО орнатылды және ұсталды. Олардың 1 млн. 672 мың теңгеге әкімшілік айыппұлы болды.

БҚО полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале