23 наурызда Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында екі кәмелет жасқа толмаған балдардың денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: iStock
Полиция мәліметіне сүйенсек, олардың өліміне күдікті ретінде анасы, Атырау облысының тұрғыны, ұсталды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін депрессияда болған",- делінген полиция ақпаратында.
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Тергеу полиция басшылығының бақылауында", - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.