12.04.2022, 16:15
Оқылды: 56

Босаңсуға болмайды. Ералы Тоғжанов коронавирустың жаңа штамына дайын болу керегін айтты

Елордада Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған форумда Вице-премьер Ералы Тоғжанов азаматтарымыз қалыпты өмірге оралғанымен, әлі де босаңсуға болмайтынын айтты.

srPqD2uOKc6RhZbHf0UFmWOXTF26rXahfnhnmJ7R
-Бүгінгі күні коронавирустың деңгейі айтарлықтай төмендеді. Азаматтарымыз 100 пайыз еркін, қалыпты өмірге келіп жатыр. Бірақ әлі де босаңсуға болмайды, - деп айтты Тоғжанов.

Үкімет мүшесі атап өткендей, қазіргі күні КВИ-дің «стелс-омикрон» деген жаңа штамы пайда болды.

-Бұл Қытайда (30%) өсіп келеді. Одан бөлек, Тынық мұхиты өңірінде де таралып келе жатқаны байқалады. Ал Аустралияда 130 пайызға дейін өскен. Сол себепті босаңсуға болмайды. Оған дайын болуымыз керек, - деп толықтырды Үкімет басшысының орынбасары.

baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале