12.08.2024, 10:00
Оқылды: 312

Бразилиядағы апатқа ұшақ қанатының мұз қатуы себеп болуы мүмкін

Бразилиядағы ұшақ апатына әуе көлігі қанатының мұз қатуы себеп болуы мүмкін. Соның кесірінен ұшқыш ұшақты басқара алмай, лайнер өздігінен айналып, жерге қарай құлаған. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады, деп жазды 24.kz.

A9B0D40D-EA3D-4083-BA0F-A9DB71C6898B

Сурет: pixabay.com

Оқиға орнында мамандар борттық жазғыш құралдарынан деректерді талдап, тексеріп жатыр. Еске салайық, күні кеше Гуарулосқа бет алған жолаушылар ұшағы бір сағаттан кейін байланысқа шығуды тоқтатып, радардан мүлдем жоғалып кеткен.

Артынша Сан-Паулу провинциясының Виньедо қаласына құлады. Борттағы барлық 62 адам қаза тапты. Бразилия президенті Лула да Силва ұшақ апатына байланысты елде 3 күн қаралы деп жариялады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале