27.01.2023, 10:30
Оқылды: 51

Бразилияның солтүстік-шығысында жол апатынан 12 адам қаза тапты

Бразилияның солтүстік-шығысындағы Токантинс штатында мобильді медициналық фургон жүк көлігімен соқтығысып, кем дегенде 12 адам, оның ішінде нәресте қайтыс болды, тағы екеуі ауыр жарақат алды.

IMG-20230127-WA0002

Бұл туралы бейсенбі жергілікті БАҚ әскери полицияға сілтеме жасап хабарлаған.

Қытайлық Синьхуа агенттігінің мәліметінше, апат сәрсенбіге қараған түні Нативидади муниципалитетінің жанында болған. Екі көлік бетпе-бет соқтығысқан.

Құрбан болғандардың арасында фургонда болған жеті әйел, төрт ер адам және бала бар. Тағы екі жолаушының бірнеше жері сынған. Алмас қаласының денсаулық сақтау хатшылығына тиесілі фургон Пальмастан - Токантинс штатының әкімшілік орталығынан қайтып келе жатқан.

Жүк көлігіндегі ер адам мен әйел жеңіл жарақат алып, көп ұзамай ауруханадан шығарылды, делінген хабарламада.

Фото: © Luiz Souza/Global Look Press

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале