14.04.2020, 20:11
Оқылды: 43

Брифингте коронавирустық жұқпаның соңғы үш дерегіне қатысты жайттар белгілі болды

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте облыс аумағындағы эпидемияға қатысты соңғы тіркелген жағдайларды БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев баян етті.

C7933A5F-B819-4DE0-822F-D4957CF40FCE

- Сəуір айының 13-інен 14-іне қараған түні облыс аумағында коронавирус індетіне байланысты екі жағдай, бүгін 14-і күні бір жағдай, жалпы 3 дерек тіркеліп отыр. Бірінші жағдай сəуір айының 12-сінен 13-іне қараған түні Ресей Федерациясы Саратов облысынан келіп, Тасқала автобекетінен өткен азаматшаға қатысты. Жалпы ҚР Бас санитариялық дəрігерінің қаулысына сай Еуразиялық  экономикалық одақ елдерінен келген азаматтардың барлығы да карантиндік стационарға жатқызылуы керек. Сол себепті осы автобекеттегі санитарлық карантиндік пункттің эпидемиологиялық мамандары міндетті түрде өздерінің тиісті шараларын атқарып, сауалнамасын жүргізіп, азаматшаның дене қызуын өлшеген. Ешқандай шағым болмағандықтан осы қаулыға сай карантиндік стационарға жатқызылды. Карантиндік стационарда азаматшадан коронавирусқа қарсы тест алынып, оң нəтиже көрсетті.

     Енді екінші, үшінші жағдайға келсек, медицина қызметкерінде коронавирус жұқпасы анықталғаннан кейін өзге медициналық қызметкерлер де тексерістен өткізілді. Зерттеу нəтижесі бойынша екі азаматшадан коронавирус жұқпасы анықталды. Тиісті ауру ошақтарында санитарлық жұмыстар жүргізілді. Үш науқас та тез арада облыстық жұқпалы ауруханасына жатқызылды. Олармен қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы да оқшауланып, эпидемияға қарсы жұмыстар атқарылуда, - деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Гүлмира Сәрсенғалиева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале