21.02.2023, 12:45
Оқылды: 43

Британдық танымал журнал Қазақстан туралы мақала жариялады

Condé Nast Traveler танымал халықаралық басылымы The Most Breathtaking Places to Visit in Kazakhstan («Қазақстанда баруға болатын ең қызықты орындар») атты материал жариялады, деп жазады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. 

InShot_20230221_085909901

Мақаланың тақырыбы айтып тұрғандай авторлар Алматы, Бурабай, Астана, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Ұлытаудың әсем табиғатын егжей-тегжейлі көркем сипаттайды. Бұл ретте, Қазақстан әлемдегі бағаланбаған туристік бағыттардың бірі, деп атап көрсетеді.

Сондай-ақ, авторлар Қазақстанды ауқымы жағынан ғаламшардағы асқар таулардан тұзды бастауларға дейін, мөлдір көлдерден ну ормандарға дейін, заманауи сәулеттен ежелгі төбелерге дейінгі таңғажайып пейзажы бар  тоғызыншы ел ретінде баға берген.

«Өткен бір аптада ғана Қазақстан Үндістаннан келген туристер үшін ең үздік тренд бағыты ретінде танылды. Бұған дейін Қазақстан танымал curly tales сайтының нұсқасы бойынша қолжетімді демалыс бойынша ТОП-10 елдің қатарына енді. Әлемдік басылымдар Қазақстанға барған сайын назар аударып, туристердің Қазақстанға келуіне ұсыныс жасайтыны қуантады. Біз отандық және шетелдік туристердің жайлы демалысы үшін жағдай жасап, осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», - деп атап өтті вице-министр Ержан Еркінбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале