Бокс шолушысы, британиялық Тейлор О’Хиггинс Ташкентте өткен ӘЧ-де алтын жеңіп алған Санжар Тәшкенбайға үлкен баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Фото: instagram.com/tashkenbay_sanzhar/
"48 келіде 20 жастағы қазақстандық Санжар Тәшкенбай Ташкенттегі турнирде Еуропа чемпионы, грузиялық Сахил Алахвердовиді анық басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Тәшкенбай лайықты мақтауын алмайтыны өкінішті, әзірге ол жеңіл салмақта. Бұл жігіт - біртуар талант. Оның аяқпен жұмыс жасай отырып ұратын хугы қазіргі таңда әуесқой бокстағы ең мықты соққы болуы мүмкін", - деп жазыпты сарапшы твиттер желісінде.
19 жастағы Санжар Тәшкенбай - Азия чемпионы. Ал былтыр жастар арасында әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған