Бүгін Брюссель қаласында Еуропалық Одақ елдері басшыларының кезектен тыс саммиті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еуропалық Одақ басшысы Шарль Мишель ЕО-ға мүше елдердің көшбасшыларына шақыру хат жіберді.
«21 ғасырда күш қолданып, шекараны өзгертуге мәжбүрлеуге жол жоқ. Біздің әлі де біртұтас және батыл болғанымыз және ұжымдық көзқарасымыз бен іс-әрекетімізді бірлесіп анықтағанымыз маңызды. Сондықтан мен сіздерді бейсенбі, 24 ақпанда сағат 20:00-де Брюссельде өтетін Еуропалық Одақтың арнайы отырысына шақырамын», - делінген Мишельдің хатында.