1998 жылғы 22 желтоқсанда «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заң қабылданып, елімізде архив ісінің қалыптасуы мен одан әрі дамуына негіз қалады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.
Архив – бұл жай ғана құжат сақтайтын орын емес. Бұл – мемлекеттің жады, сабақтастықтың негізі, басқарушылық шешімдер қабылдау мен ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті сенімді деректердің көзі.
Бүгінде тарихи құжаттарды сақтаумен қатар цифрлық технологиялар да белсенді енгізіліп жатыр: электрондық архивтер құрылып, қорлар цифрландырылып, есепке алу мен іздеу үдерістері автоматтандырылуда. Архившілердің еңбегі зор жауапкершілікті, жоғары кәсібилікті, ұқыптылықты және әрбір құжаттың құндылығын терең түсінуді талап етеді.
Мереке құтты болсын!