22.06.2020, 22:20
Оқылды: 36

Бүгін БҚО-да ҰБТ басталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы жылдың 22 маусым күні ҰБТ екі ауданда өтті: Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы,  Жаңақала ЖОББМ (92), Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы, Т.Жароков атындағы ЖОББМ (101).

9B2C7316-2DFD-4119-B113-0CDFC25647F7

ҰБТ тестілеу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар орындалды: тосқауыл үшін қажетті жылжымалы ленталармен, металліздегіш құралмен тексеру, дезинфекциялау тоннелімен, санитайзерлермен, аяқ киімге арналған дезинфекциялау кілемшелермен, тепловизормен, маска мен қолғап.

Аудандық білім беру бөлімдерінің жергілікті полиция бөлімдерімен  бірлескен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы кезекшілік, тестілеуді өткізу орындарында медициналық қызметкерлердің және жедел жәрдем кезекшіліктері ұйымдастырылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ пункттеріне жеткізу үшін 142 оқушыға тасымал ұйымдастырылды.

ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектер саны - 198.  Бір түлек ҰБТ тест тапсырудан өз еркімен бас тартты.

Естеріңізге саламыз!!! Биыл ҰБТ-дағы бақылау күшейтілді.

-Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды.

-Аудиториядағы адамдардың саны азайтылды. Бұның бәрі тәртіп бұзушылықтарды анықтау процесін жеңілдетеді.

ҰБТ-ға телефонды алып кіруге талпыныс жасаудың өзі емтиханға кіргізбеуге толық негіз болады.

Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған кез келген әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылады және осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды!

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша: тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін және ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 4 талапкер

тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Құрметті ата-аналар! Сіздерден еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты тест тапсыру орындарының айналасында шоғырланбауды сұраймыз.

Талапкерлерге сәттілік тілейміз!

Тыйым салынған заттарды әкелмей, өз күштеріңізге сенімді болыңыздар!

Үміт Жәңгірова,

БҚО білім басқармасы баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале