5.12.2025, 16:15
Оқылды: 14

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылады

Бүгін АҚШ астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребесі тартылады.

111

Фото: fifa.com

Салтанатты рәсім қазақстан уақытымен 22:00-де басталып, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Беделді бәсеке алғаш рет 48 құрама қатысады. Әрбір топтан алғашқы екі орындағы екі құрама, үшінші орын алған 12 құрамадан үздік көрсеткішке ие болған сегіз құрама 1/16 финалға шығады. Дүбірлі дода барлығы 39 күнге (11 маусым-19 маусым) созылады.

Әлем чемпионатында бақ сынайтын құрамалар төрт себетке бөлінген. Қазір оған қатысатын 42 құрама белгілі болып отыр. Қалғаны алдағы жылы болатын плей-офф ойындары анықталады.

Әлем чемпионаты АҚШ; Канада, Мексикада өткізіледі.

Бірінші себет: Канада, Мексика, АҚШ, Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Бельгия, Германия.

Екінші себет: Хорватия, Марокко, Колумбия, Уругвай, Швейцария, Жапония, Сенегал, Иран, Оңтүстік Корея, Эквадор, Аустрия, Аустралия.

Үшінші себет: Норвегия, Панама, Египет, Алжир, Шотландия, Парагвай, Тунис, Кот-д’Ивуар, Өзбекстан, Қатар, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка.

Төртінші себет: Иордания, Кабо-Верде, Гана, Кюрасао, Гаити, Жаңа Зеландия, еуропалық А жолы плей-оффы (Италия/Солтүстік Ирландия/Уэльс/Босния және Герцеговина), еуропалық В жолы плей-оффы (Украина/Швеция/Польша/Албания), еуропалық С жолы плей-оффы (Түркия/Румыния/Словакия/Косово), еуропалық С жолы плей-оффы (Дания/Солтүстік Македония/Чехия/Ирландия), құрлықаралық өтпелі ойындар - 1 бағыт (Жаңа Каледония/Ямайка/Конго ДР), құрлықаралық өтпелі ойындар - 2 бағыт (Боливия/Суринам/Ирак).

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде. Қазірге дейін отандастарымыз Уэльстен екі мәрте (1:3, 0:1), Солтүстік Македониядан (0:1), Бельгиядан (0:6) есебімен жеңіліп, Солтүстік Македония және Бельгиямен (1:1) тең түссе, Лихтенштейнді (4:0, 2:0) екі мәрте тізе бүктірді.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале