Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде жерлесіміз Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары, қазақстандық Кабирхан тағы да бірінші боп мәре сызығын кесті. Қазақстанның бәйге тарихын жаңартқан – біздің жерлесіміз.
Оның қарсыластары қатарында былтырғы окс чемпионы Мими Какуши және де классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.
Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынады.
Енді Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады.
Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған тұлпар.
Бұл жеңіс, қуаныш - барша атсүйер қазақстандықтарға ортақ. Бәйге тарихын жаңаруы құтты болсын.
Ақмоншақ Мақсотқызы,
БҚО "Бәйге" федерациясы