4.03.2023, 13:50
Оқылды: 193

Бүгін Оралда көпшілік қар шығару акциясы өтті

Қар шығаруға құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдай саласының мамандары, жастар, қаланың белсенді тұрғындары, еріктілер, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер атсалысты.

WhatsApp Image 2023-03-04 at 11.44.46

WhatsApp Image 2023-03-04 at 11.44.45 (5)

 

Орал қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы акция аясында 7,5 шақырым арық жүйесі тазартылып, жұмысқа 50-ден астам техника жұмылдырылған. Ал қала сыртына барлығы 747 текше метр қар шығарылған.

WhatsApp Image 2023-03-04 at 11.44.45 (6)

Акцияның басты мақсаты — көктемгі су басу қаупінің алдын алып, абаттандыруға дайындық жүргізу еді. Солардың бірі — су басу қаупі бар Зашаған кентінің Сарытау шағынауданындағы арық жүйелерін тазарту. Шараға қала тұрғындары, кәсіпкерлік нысандардың ұжымы, жастар мен мемлекеттік қызметкерлер, партия мүшелерінен тұратын 60-тан астам адам қатысты. Қар тазалауға 8 арнайы техника жұмылдырылған. Көпшілік қар шығару акциясына жастар да белсенді қатысқан.

WhatsApp Image 2023-03-04 at 11.44.45

WhatsApp Image 2023-03-04 at 11.44.45 (4)

WhatsApp Image 2023-03-04 at 11.44.45 (2)

WhatsApp Image 2023-03-04 at 11.44.45 (1)

Олар қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Жұлдыз шағынауданы көшелерінің арық жүйелерін қардан тазартып, қала тазалығына үлес қосты. Бұдан бөлек, өзге де жастар қаладағы ардагерлердің, жалғызбасты қариялардың аулаларын қардан тазалауға көмектескен.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале