17.12.2024, 9:45
Оқылды: 106

Бүгін Үкімет отырысы өтеді

Сейсенбі,  17 желтоқсан күні, сағат 15:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

IMG_9378

Күн тәртібінде:

• 2024 жылғы қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы

• Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале