5.09.2023, 10:28
Оқылды: 58

Бүгін "Ұлы дала жорығы" басталады. 100 шабандоз 14 күнде 1300 шақырым жол жүреді

Қатысушылар жорыққа ертең Қаражар ауылынан аттанады.

ЖП (2)

Бүгін Астанадағы "Қазанат" ипподромында өтетін салтанатты рәсімнен соң "Ұлы дала жорығына" қатысушы командалар жолға жиналады. Олар ертең сағат 14.00-де Қаражар ауылынан сапарға аттанады.
Жорыққа Қазақстан өңірлерінен 20 команда қатысады. Әрбірінде 5 шабандоз және 10 жылқыдан бар.
Қатысушылар еліміздің 5 өңірі – Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Қызылорда және Түркістан облыстары арқылы 1300 км қашықтықты жүріп өтеді. Түркістан қаласында марафон аяқталады. Жалпы, шабандоздар 12 аудан мен 52 елді мекенді аралайды. Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл, Оқшы ата, Бытығай, Укаша ата, Ясауи кесенелеріне зиярат етеді. Марафонға қатысу үшін халықаралық судьялар мен жоғары білікті ветеринарлар шақырылған.
Биыл "Ұлы дала жорығы" екінші рет өтеді. Былтыр өткен жарыста Маңғыстау облысының құрама командасы бәйге марафонының жеңімпазы атанды, Жетісу облысының спортшылары ІІ орынды, Түркістан облысының құрамасы ІІІ орынды иеленді. Жоба YouTube-те 5 миллионнан астам және TikTok-та 30 миллионнан астам қаралым жинаған.

informburo.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале