18.05.2023, 11:16
Оқылды: 38

Бүгін – Халықаралық музей күні

Бүгін – Халықаралық музей күні. Халықаралық музейлер кеңесі бұл атаулы күнді 1977 жылы бекіткен. 

1e2f1b06-c87a-4512-9e31-cd7f5cb70636

Халықаралық музейлер кеңесін (International Council of Museums - қысқаша ICOM ) дүниежүзінің музей ісі мамандары 1946 жылы құрған болатын.

Ұйымның мақсаты – табиғи және мәдени жәдігерлерді сақтай отырып, өткен мен келешекті байланыстыру, халықтар арасында өткен заманның мұраларын танымал ету. Музей арқылы кез келген қоғам тарихи-мәдени мұраларға деген көзқарасын, құрметін білдіреді. Есте жоқ ескі замандардан қалған рухани және материалдық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтай отырып, музейлер ауқымды деңгейдегі ғылыми-ағарту, білім, тәрбие ісін жүргізеді.

1992 жылдан бастап Халықаралық музей күні музей саласына қатысты белгілі бір тақырыппен өтетін болған. Бұл саланың негізгі мәселелерінің бірі – музей құндылықтарын заңсыз шығару. Міне, осындай проблеманың алдын алу үшін қоғам ішінде өткеннің құндылықтарын бағалай білерлік мәдениет қалыптастырған абзал.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале