Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 18 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша өткен тәулікте Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен судың деңгейі төмендегідей өзгерді:
Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 555 см., деңгей +8 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 332 см.
Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 679 см., деңгейдің + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 362 см.
Жайық өзені – Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 396 см., тәулігіне 0 см. өзгеріссіз, су тасқыны басталғаннан бастап жалпы су көтерілуі 205 см. құрайды, су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
18 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын 422 м3 / с құрайды, су жіберу деңгейі 345 м3/с, - делінген хабарламада.
Атырауда су тасқынына қарсы атқарылған шаралар:
Өткен тәулікте жағалауды нығайту жұмыстарына жұмылдырылды:
⁃ 1034 арнайы техника;
⁃ 3875 мекеме қызметкерлері;
⁃ 3741 ерікті
⁃ 1751 әскери қызметші
169,7 шақырым бөгет тұрғызылды
Жиналды - 23,6 тонна гуманитарлық көмек
Фото: zhaikpress.kz