7.11.2022, 11:45
Оқылды: 40

«Бүгінгі мұғалім және кәсіби даму»

Осындай атаумен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ БҚО кәсіби даму институтында педагогтерге арналған сессия өтті. 

орлеу

Сессияға қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова, мектеп директорлары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, институт қызметкерлері қатысты.

Институт директоры София Ізмұхамбетованың айтуынша, «Өрлеу» биыл өз жұмысын жаңа жолға қоюда. Инклюзивті, икемді дағдылар­ды дамыту және жобалық оқыту тақырыптарын қамту арқылы 122 бағдарламаны жаңартты. Жаңартылған бағдарламалардың тиімділігі  Т. Гаски үлгісіне негізделген жүйемен бағаланады. Сондай-ақ Lesson study технологиясын пайдалана отырып, педагогтерге курстан кейінгі қолдауды жүргізудің жаңа моделі енгізілді.

– Қазіргі уақытта педагогтерге жаңа талаптар қойылуда. Қоғам өз уақытын тиімді пайдалана алатын, сенімді ақпарат іздеп, әріптестерімен, оқушы және ата-аналармен қарым-қатынас орнатуға қабілетті көшбасшы мұғалімдерге  бұрынғыдан да көбірек мұқтаж.  Сондықтан «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Алматы Менеджмент университеті бірлесіп, «Жаңа мектеп: нәтижелі басқару командалары» курсын дайындады. Курс мектептерде басқарушылық лауазымдарды атқаратындар үшін де, көшбасшылық позицияға үміткер педагогтер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Оқыту 2022 жылғы қараша айының 7-18 күн­дері аралығында өтеді. Курс теория мен тәжірибенің үйлесімді синтезі болып табылады. Тыңдаушылар нәтижелі басқару дағдыларын меңгеріп, тиімді командалар құру стратегиясын зерттейді. Сондай-ақ 4-D көшбасшылық моделін қарастырады, – деп атап өтті София Салахидденқызы.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ БҚО  кәсіби даму институты  баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылы қыс­қа мерзімді қосымша 72 курс жоспарланып, соның ішінде 68 курста 1700 тыңдаушы біліктілігін жетілдірген. 21 жылжымалы курс аудандарда өтіп, оған 525 тыңдаушы қатысқан. Онлайн сипатта 7 курс ұйымдастырылды. «Жаһандық құзыреттіліктер» бойынша жаңа курсқа 175 тыңдаушы қатысты. 68 курстың ішінде ауданнан 1096, қаладан 604 тыңдаушы біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 7-18 қараша аралығында тағы  4  курс  өткізу жоспарланған.

Институт директорының орынбасары Күміс Байкатова «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларындағы инновациялар» тақырыбында баяндама жасады.

– Өңірлердің қажеттіліктерін талдау негізінде бізге біліктілікті арттыру курстарына келген  оқытушы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу бойынша құзыреттерді алуы үшін оқыту бағдарламасына инклюзивті білім беру мәселелерін енгізу ұсынылды. Бүгінгі таңда мұғалім баланың қажеттіліктерін түсіну дағдыларына ие болуы керек. Сондықтан инклюзивті баланың қажеттіліктерін анық­тау және онымен қалай жұмыс істеу керектігі туралы түрлі сұрақтар біліктілікті арттыру бағдарламаларында қамтылған. Сонымен қатар білім алушылардың сыни ойлауы дамыту, тапсырмалар мен кейстерді бірлесіп шешу үшін командада жұмыс істеу қажет. Жобаға бағытталған оқыту бөлігіндегі  бағдарлама жаңартылып, «икемді дағдыларды» (soft skills) дамытуға қатысты тақырыптар қосылды, – деген Күміс Ильясқызы «Өрлеу» «БАҰО»  EdCrunch академиясымен бірлесіп, 12 пән бойынша 44 жаңа пәндік бағдарлама әзірлегенін айтып өтті.

Сессияны қорытындылаған институт директоры София Ізмұхамбетова курс барысында педагогтер сарапшылар мен оқытушылардан жедел кері байланыс алып,  оқыту аяқталғаннан кейін қолдау көрсетілетінін жеткізді. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушылар Алматы Менедж­мент университетінің «Білім берудегі менеджмент» MBA бағдарламасына жеңілдікпен оқуға түсу мүмкіндігіне ие болатынын айтып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале