12.12.2023, 23:53
Оқылды: 93

Бүгіннен бастап «Орал – Маңғыстау» жолаушылар пойызы қатынай бастады

Бүгін жаңа бағыттағы жолаушылар пойызы Маңғыстау вокзалына келді, деп хабарлайды Kazinform.

IMG-20231212-WA0204

Пойыз құрамында 8 вагон бар. Пойыз Маңғыстаудан Оралға айдың жұп күндерінде жүреді. Маңғыстау станциясына пойыз Астана уақыты бойынша 14:49-да келіп, жергілікті уақыт бойынша 21:05-те кетеді. Жол жүру уақыты – 35 сағат 47 минут. Билет құны 8000 теңгеден басталады.

«Бұл – Батыс Қазақстан мен Маңғыстауды байланыстыратын пойыз. 8 вагоны бар. Вагондар Қытайда жасалған. Бұрын ол Ақтөбе арқылы жүрді, ал жолаушылар Ақтөбе-Орал бағыты бойынша пойызға отыруға мәжбүр болды. Бұлар тікелей жүреді. Барлығы халық үшін жасалған. Өздеріңіз білетіндей, жазда жолаушылар ағыны артады, бұл бағыт жүктемені сәл жеңілдетеді. Енді адамдар Оралға бір жарым күнде жете алады. Сонымен қатар мүмкіндігінше көбірек вагондар қосылады», - деді Маңғыстау жолаушылар тасымалы учаскесінің бастығы Қалиолла Сағиев.

IMG-20231212-WA0205

Жаңа маршрут жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз тасымалды ұйымдастырмақ.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале