28.04.2022, 9:30
Оқылды: 53

«Бұл – біздің қоқыс емес, бірақ біздің қала!»

Орал қаласындағы жоғары инженерлік-технологиялық колледжі «Таза жағалау» акциясын өткізді. Акцияның басты мақсаты – қаланың көркейе түсуіне үлес қосу, экологиялық жағдайын жақсартуға сеп болу.

биздин кала

Табиғат жанашырлары Шаған өзенінің жағалауында шашылып жатқан қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жинады. Өзен бойына келген тұрғындар пластикалық бөтелкелер мен шыны ыдыстарды демалған жерінде қалдырып кеткен. Белсенді студенттер «Бұл –біздің қоқыс емес, бірақ біздің қала!» ұранымен экологиялық акцияны жандандыра түсті. Қала тазалығын сақтау, табиғатты қорғау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларға жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ұжымы мен студенттері тұрақты  түрде қатысып  келеді.

Азат Жасұланұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале