Әлем елдері секілді біз де қиын да сындарлы кезеңді бастан өткізіп жатырмыз. Бұл өте күрделі жағдай, жеңіл қарауға болмайды. Бұл індет тіптен ауадан да тарауы мүмкін. Сақ болған жөн.
Осы орайда еліміздегі, өңірлердегі тәртіп сақшылары жұмысын күшейту керек. Көшелерде, қоғамдық орындарда бетпердесіз жүрген адамдарға ескерту жасалуы тиіс. Бұл бағытта тиісті шаралар алынуы тиіс деп ойлаймын.
Орал қаласы бойынша да құзырлы органдар көше тазалығына мән беруі керек. Ең бірінші кезекте тазалық пен тәртіп сақталса, бәрі дұрыс болады.
Облыс тұрғындары санитарлық нормаларды сақтап, көпшілік жиналатын жерлерге бармай, қонақтықтан бас тартып, сақтық шараларын алған жөн. Бұл кеселге тұмау деп жеңіл қарауға болмайды. Барлығын, соның ішінде тәртіп пен тазалықты әр адам, әр отбасы өзінен бастаса, бұл кеселді жеңіп шығамыз.
Мырзағали Мұхамбетов,
Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы