«Іс жүзінде бұл - бәсекеге толы әрі дүрлікпелі сала. Әрине, оны қандай да бір қатаң бағалау және реттеу арқылы ретке келтіруге болады. Бірақ, одан кейін оны бақылау әрі мониторингілеу қиынға түседі. Біз әр азаматқа барып, қандай баға қою керектігін айта алмаймыз ғой», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, бәсеке жоғары нарықты реттеу өте қиынға түседі.
«Үстем құрылым бар, монополистер бар нарықты реттеуге болады. Онымен айналысып та жатырмыз. Бірақ, сатушылар көп болғанда, оларды қалай реттейсің? Әзірше, 100 пайыздық жауабым жоқ», - деді Серік Жұманғарин.